Жилой комплекс «Горное Солнце»
Қаз

8 (727) 972 27 27

«Горное Солнце» («Тау Күні») тұрғын үй кешені – бұл Қазақстанның құрылыс индустриясындағы жаңа кезең.

Құрылыстың, экологиялық қауіпсіздік пен энергиятиімділіктің әлемдік стандарттарына сәйкес озық технологиялар мен заманауи материалдарды қолдана отырып, жетекші шетелдік корпорациялармен серіктестікте салынған бірегей ғимарат.

Бұл үйдің тіршілік әрекетін қамтамасыз ететін, оның ішінде  жаңартылмалы энергия ресурстары негізінде тұрғындарды сыртқы жағдайлардан тәуелсіз болу және  барынша қорғау үшін автоматтандырылған жүйе.

Тұрғын үй кешені Алматының ең жақсы және экологиялық таза аудандарының бірінде орналасқан, 139 пәтерден тұрады және жалпы ауданы 27 859 шаршы метрді алып жатыр. Пәтерлер құны 1 м2-ге  715 000 теңгеден басталады.

«Горное Солнце»  («Тау Күні») туралы Сіз ҚОҢЫРАУҒА ТАПСЫРЫС БЕРІП, және ШОЛУ ЭКСКУРСИЯСЫ үшін ыңғайлы уақытта белгілей отырып, толығырақ біле аласыз.

Тұрғын үй кешенінің басты артықшылықтары неде? «Горное Солнцеге» («Тау Күні») Қазақстандағы алғашқы Экологиялық Тұрғын үй кешені деп аталу құқығы не береді?

Орналасуы

Қала объектілеріне қолжетімділік

Әл-Фараби даңғылынан сәл жоғары қолайлы орналасуы қаланың жоғарғы іскерлік орталығында болуға мүмкіндік береді. Мұнда  қасында, бір қадам жерде ең элиталы сауда орталығы Esentai Mall, көпатқарымды кешен VILLA Boutiques & Restaurants, Нұрлы Тау бизнес орталығы, шаңғы трамплиндерінің халықаралық кешені, сондай-ақ көптеген мейрамханалар, дәмханалар және сұлулық салондары орналасқан. 

ТӨҢІРЕГІ

Таза ауа

Тауға жақын болу және биік ғимараттардың тұрғын үй кешенімен көршілес болмауы «Горное Солнце» («Тау Күні») тұрғындарына тәулік бойы тау самалымен рахаттану үшін  ауа ағынының тамаша айналымын

 

Әдемі келбет

«Горное Солнце» («Тау Күні») ТК терезелерінің көбінен Іле Алатауы таулары мен Трамплиндер, Esentai Mall, «Ариал»  гольф-клубы сияқты қаланың көрікті жерлері мен басқа да көрнекі объектілерінің әдемі келбеті көрініп тұрады.

ТҮРЛЕРІ ФОТО

           

Infrastructure

Абсолютті жайлылық

Дамыған инфрақұрылымы балалар алаңшасын қамтиды, оны  кешеннің кез келген нүктесінен көруге болады, сондай-ақ толыққанды өмір сүріп, жұмыс істеу және демалу үшін барлық қажетті объектілері бар.

Қауіпсіздік

Тұрғын үй кешенінің барлық периметрі бойында бейнебақылау жүйесі және инфрақұрылым объектілері мен аула аумағына көліктер мен қонақтарды өткізуді жүзеге асыратын күзет қызметі жұмыс істейді. Балаларыңыз және өзіңіз әрқашан қауіпсіздікте боласыз.

Жеке коммуналдық қызмет

Тұрғын үй кешенінің білікті коммуналдық қызметі  тұрғындардың барлық өтініштеріне жедел жауап береді және барлық туындаған мәселелерді шешеді.  Күрделі техникалық жүйелер  тәулік бойы дайындаушы-зауыттың мониторингісінде болады және біздің техникалық мамандарымыз жүйелі түрде қызмет көрсетіп отырады.

Ыңғайлы паркинг

210 орындық екі деңгейлі жерасты паркингінің  лифтіге қолжетімділігі, сондай-ақ автоматтандырылған кіру және  шығу мүмкіндігі бар. Кез келген ауа райында Сіздің машинаңыз жылы, құрғақ және қауіпсіз жерде тұрады. Сонымен бірге паркинг ішінде автожуу бар – машинаңызды үйден шықпай-ақ жууға болады.

ПАРКИНГ

Құрал-жабдықтар орынжайы

Жерасты паркингінде құрал-жабдықтар орынжайы қарастырылған, онда Сіз  пәтеріңізде жайсыздық туғызатын үлкен немесе маусымдық заттарды сақтай аласыз. Бұл автомобиль резеңкесі, велосипед, шырша немесе шаңғы, кез келген зат болуы мүмкін – мұнда жер жетеді.

Жайлы атмосфера

Қабаты онша биік болмауының арқасында, «Горное солнце» («Тау Күні») тұрғын үй кешенінің ауласында тыныш, жайлы атмосфера орнаған. Кең аумақта спорт алаңшасы, балалар қалашығы және теннис күнқалқасы, фонтаны, әдемі ландшафтық дизайнымен демалыс аймағы бар.

Жанға жайлы шешімдер

Еуропалық сападағы таза әрлеу

«Горное Солнцедегі» («Тау Күні») пәтерлер таза әрленген түрде пайдалануға беріледі – құрылыс және әрлеу материалдарының басым бөлігін Италия, Франция,Германия және басқа еуропа  елдерінің жетекші компаниялары шығарады.  Мұнда орналасқаннан кейін, Сіз тыныштық пен жайлылықтан рахат табасыз, жөндеу жұмыстарының шуылы сіздің мазаңызды алмайды. 

ФОТОСУРЕТТЕР

Авторлық дизайнмен жиһаздалған пәтерлер

Дайын пәтерлерді пайдалануға тапсыру көзделген, мұнда айрықша сапада жөндеу жүргізілген: интерьері авторлық дизайнмен, керемет құрылыс және әрлеу материалдары, сондай-ақ еуропалық өндірушілердің жиһазы мен сантехникасы бар. Сіз өз уақытыңыз бен жүйкеңізді үнемдейсіз –   орналасып, тұра берсеңіз болғаны.

БЕЙНЕ

Құрылыс технологиясы

Инновациялар

Тұрғын үй кешенін салу үшін тек заманауи инновациялық технологиялар пайдаланылады. «Ақылды» автоматтандырылған жүйелер үйде қажетті температураны, сондай-ақ үздіксіз ыстық су беруді қамтамасыз етеді – Сізге бұл туралы ешқашан алаңдамау үшін, барынша жайлы болады. 

СИПАТТАМАСЫ

Бақылау

Құрылыс салу процесін арнайы шақырылған Ресейдің жоғары білікті инженерлері бақылайды. Бұл ғимарат сапа мен қауіпсіздіктің барлық стандарттарына қатаң сәйкестікте  салынғанына 100 пайыз кепілдік.

Сейсмикалық беріктік

Мықты іргетасы мен темірбетон конструкциясының арқасында «Горное солнце» («Тау Күні») тұрғын кешені 9 балға сейсмикалық берік, бұл сейсмикалық беріктігіне тексеру нәтижелерімен расталады. Сіз қатты жер сілкіну жағдайының өзінде өз жақындарыңыздың қауіпсіздігіне алаңдамай, тыныш ұйықтай аласыз. 

СИПАТТАМАСЫ

Сенімділік

Қабырғалар құрылысында қазіргі заманғы барынша қолайлы материал – полистиролбетон қолданылады, ол салмақ көтеру сипаттамасы, жылуоқшаулағыштық, аязға төзімділік сияқты көрсеткіштер қатарында өзін табысты көрсетті. «Тас» қорғанның ішінде сияқты – бұл   полистиролбетон туралы.

СИПАТТАМАСЫ

Энергиятиімділік

Тұрғын үй кешенінде орынжайларды жылыту және суды ысыту үшін заманауи энергия үнемдейтін технологиялар қолданылады, олар энергия тиімділігін және жаңартылмалы табиғи ресурстардың  көмегімен сыртқы факторларға тәуелсіздікті қамтамасыз етеді, сондай-ақ коммуналдық төлемдер шығындарын 30-50 пайызға үнемдеуге мүмкіндік береді.

СИПАТТАМАСЫ

Экотехнологиялар

 «Горное Солнце» («Тау Күні») тұрғын үй кешенінің әрбір пәтеріне жоғары жарық өткізгіштікті, мөлдірлік пен жылоқшаулағыштықты қамтамасыз ететін төмен комиссиялық шыны пакеттер – i-шыны орнатылған.  Сіз зиянды сыртқы сәулелерден қорғалатын боласыз, ал бөлмеде жанға жайлы температура мен теңгермеленген микроклимат едәуір ұзақ ұсталатын болады.

СИПАТТАМАСЫ

Жаңалықтар

05 желтоқсан 2016

Тамаша жаңалық!

2017 жылғы мамырда пайдалануға енгізу жоспарланып отыр.

04 желтоқсан 2016

өз пәтеріңізді брондап қойыңыз

Құнының 10% төлеп,

05 желтоқсан 2016

Ипотекалық кредит беру

Сбербанктан

Тағы көрсету

Байланыс ақпараты

 

Сату бөлімі

Дүйсенбі - жұма
10:00 - 18:00

Алматы, Әл-Фараби даңғылы, 146

8 (727) 972 27 27

8 (708) 972 27 27

sales@gornoesolnce.kz

Қоңырауға тапсырыс беру