Энергиятиімділік
Қаз

8 (727) 972 27 27

Энергиятиімділік

Тұрғын үй кешенінде энергия шығыны ішкі жылу көздерін, заманауи энергия үнемдейтін технологиялар мен жоғары тиімді жылу оқшаулағыш материалдарды пайдаланудың арқасында барынша аз. ТК-да қазандықтар каскадынан тұратын дербес газ жүйесі пайдаланылады. Қазандықтар каскады – бұл бірнеше қазандықты біртіндеп қосу жүйесі. Практика жылыту маусымында жағдайлардың 80%-да  қазандық қуатының 50% ғана пайдаланылатынын растады. Бүкіл жылыту маусымында қазандық орташа алғанда бар болғаны 30%-ға пайдаланылады. Бұл өте аз жүктемені және тиімсіз жұмыс істейтінін көрсетеді. Бұған қарама-қарсы каскад жүйесі аз қуатпен тиімсіз режимде жұмыс істейтін бір үлкен қазандықтың орнына «шағын» қазандықтарды бірінен кейін бірін біртіндеп қоса отырып, мезетте қажетті қуаттылықты қамтамасыз етеді.  Бағдарламалық басқаруы бар каскадтық реттеу арқылы  жүйе қуаты мен жылу тұтынудың оңтайлы  арақатынасын  анықтай отырып, проблемаларды жояды. Бұл шешім жоғары энергия тиімділігін ғана қамтамасыз етіп қоймай, толық дербестікті және жылу орталығына тәуелсіздікті қамтамасыз етеді.   

Ыстық су беру үшін энергия үнемдейтін гелиожүйе көзделген., Біздің елімізде күн энергиясын пайдалану ерекше өзекті, өйткені климаттық жағдайлар жыл бойы дербес ыстық сумен жабдықтауды қамтамасыз ету үшін күн коллектордары базасындағы гелиожүйені тиімді қолдануға мүмкіндік береді. 

Гелиожүйе су ысытатын жабдықтан тұрады, оған күн коллекторлары, оларды бекітуге арналған рамалар мен жинақтағыш бактар кіреді.  Әдетте, гелиожүйелердің жұмыс істеу қағидаттары мынадай – су немесе жылутасығыш күн коллекторында қажетті температураға дейін ысиды, бұдан әрі жылу энергиясы бакқа-аккумуляторға жиналады, бұдан соң тұтынушыға келіп түседі. Бұл технология тұрғындарға су ысыту үшін энергияның жаңартылмалы және шоғырланатын көздерін  пайдалануға мүмкіндік береді, сондай-ақ коммуналдық төлемдердің аталған бабына шығыстарды 30-50 пайызға дейін төмендетеді. 




Басты бетке оралу