Сенімділік
Қаз

8 (727) 972 27 27

Сенімділік

Жер бетінен жоғары тұрған қабаттарын жеңілдету үшін диафрагмасы бар балкалы- ригельдік жүйе пайдаланылды. 

Басында жобада 6 қабатты үй көзделді, Әл-Фараби даңғылынан жоғары  12 метрден биік үй салуға тыйым салынғаннан кейін, жобалаушылар тап осы белгіге тоқталды. Бұл ретте, іргетас анағұрлым биік үйге дайындалғанын ескере отырып,  қалған қабаттар мықтылықтың тағы да үлкен қорын алды. 

Мұнда басымдық арнайы әзірленген  және таңдалған қасбет пен төбе жабыны жүйелеріне беріледі, олар жоғары тиімді жылуоқшаулағыш материалдар болып табылады, мысалы   – полистиролбетон. Қабырға, еден, төбе жабынын жылытқан кезде құрылыста кең қолданылады, құрылыс блоктарын, бөлмеаралық және пәтераралық қалқалар шығару үшін пайдаланылады.

Полистиролбетонның мықтылығы жоғары. Полистиролбетон  плиталар бетонның (беріктік), ағаштың (конструкциялардың жеңілдігі) және пенополистиролдың (жоғары жылу- және дыбысты жұту) қасиеттерін өзіне үйлестірген.  Полистиролбетон құрылыста термооқшаулағыш ретінде кең қолданылады. Қалыңдығы 20 см  полистиролбетон 2,5 метр кірпіш қалауды алмастырады.




Басты бетке оралу