Сейсмикалық беріктік
Қаз

8 (727) 972 27 27

Сейсмикалық беріктік

Сейсмикалық беріктік 9 балдан жоғары

Алматы аумағы арқылы 5 үлкен техникалық жарық (сынық) өтеді және олар тағы бес тармаққа тармақталған. Сонымен бірге Алматы үш аймаққа бөлінген.     I аймақ – 8 балл.    II аймақ – 9 балл.  III аймақ –   9 балдан жоғары. Шағын аймақтар: А – нашарлату факторларынсыз, Б, В, Г – топырақ бойымен қиындататын факторлары бар.

Тектоникалық жарықтары бар аймақтарда салуға болады, алайда басқа аудандарға қарағанда құрылысқа қойылатын талаптар жоғары екенін айта кету керек. 

Осы себептен «Горное солнце» («Тау Күні») тұрғын кешенін салған кезде ғимараттың сейсмикалық беріктігіне ерекше көңіл бөлінді. Бұл тұрғын үй кешені  стихияға берік – өйткені  сейсмикасы 9-10 балл болатын тектоникалық жарық осы жерден өтеді. Сондықтан жобалаушылар мен құрылыс салушылар жобаға жеке тұрғыдан келе отырып, барлық қыр-сырын ескерді.  

Кешен іргетасына 3 000 000 текше бетон құйылды

Жер бетінен жоғары тұрған қабаттарын жеңілдету үшін диафрагмасы бар балкалы- ригельдік жүйе пайдаланылды.

Басында жобада 6 қабатты үй көзделді, Әл-Фараби даңғылынан жоғары  12 метрден биік үй салуға тыйым салынғаннан кейін, жобалаушылар тап осы белгіге тоқталды. Бұл ретте, іргетас анағұрлым биік үйге дайындалғанын ескере отырып,  қалған қабаттар мықтылықтың тағы да үлкен қорын алды. 




Басты бетке оралу